"АК Алтыналмас" АҚ Пустынное кен орнында алтыны бар рудаларды өндіруге арналған келісім-шартқа қосымша жасағаны туралы хабарлады

09.11.16 09:41
/KASE, 09.11.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), "Қарағанды облысы Пустынное кен орнында барлау жасауға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен "АК Алтыналмас" АҚ арасында 1998 жылдың 30 қарашасында жасалған № 273 келісімшартқа 01.11.2016 ж. №8 қосымшаға қол қойғаны туралы хабарлады.". [2016-11-09]