/KASE, 27.10.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ (Астана,
одан әрі - компания) бағалы қағаздарының шығарылымын мемлекеттік
тіркеуден өтуі туралы 2016 жылдың 20 қазанындағы куәлігінің көшірмелерін
биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) компания
облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді;
- аталмыш куәлік компания облигацияларының айналым мерзімі өзгеруіне
байланысты ауыстырылды;
- компанияның облигацияларының айналым уақыты 15 жылдан 32 жылға
дейін ұзартылды;
- ұлттық сәйкестендіру номері KZ1C55020016 -нен 364 821 911 -не
өзгертілді.
Акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер KASE интернет-
сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzagf9_izm_201016.pdf
мекен-жайында танысуға болады.
[2016-10-27]