"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің XS1134544151 (US48667QAK13, KMGZe9) облигациялары бойынша 4-ші купонын төлегені туралы хабарлады

07.11.16 12:10
/KASE, 07.11.16/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2016 жылдың 07 қарашасында өзінің XS1134544151 (US48667QAK13, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KMGZe9) облигациялары бойынша 4-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 903 360 АҚШ долларын құрады. [2016-11-07]