"KEGOC" АҚ Kқоғам акционерінен KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) 1 390 жай акцияларын сатып алғаны туралы хабарлады

03.11.16 11:50
/KASE, 03.11.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегіні хабарлады:: ... Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" Заңының (одан әрі – Заң) 27 бабы 1- тармағы 2) тармақшасына сәйкес "KEGOC" АҚ (одан әрі – Қоғам) Қоғам акционерінен мүдделі мәміле жасау туралы шешіміне және осы акционерге тиесілі 1 390 дана акцияларды сатып алу талабына байланысты өтініш алды. Заңның 27 бабы 2 тармағына сәйкес акционерлерден 30 күнтізбелік күн ішінде акциялардың құнын анықтау әдістемесіне сәйкес есептелген құны бойынша жүзеге асырылады. Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам акционерлерінен бір жай акцияға 669,38 теңгеден акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданды (28.10.2016 ж. № 12 хаттамасы). Аталмыш бағанытәуелсіз бағалаушы анықтады. ... Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_reliz_021116_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2016-11-03]