"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі өзіне қатысты әкімшіліктік шара қолданылғаны туралы хабарлады
02.11.16 14:46
/KASE, 02.11.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы,
одан әрі цитатада - Банк), биржаға жолдаған ресми хатында "Қарағанды
облысы Қазыбек би ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының
2016 жылдың 17 қазанындағы қаулысының негізінде Қазақстан
Республикасының "Әкімшіліктік тәртіп бұзушылықтар туралы" Кодексінің 263
бабына сәйкес, 212 100 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшіліктік
шара қолданылды" деп мәлімдеді.
[2016-11-02]