"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің XS0925015074 (US46639UAA34, KMGZe6) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлегені туралы хабарлады

02.11.16 12:40
/KASE, 02.11.16/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2016 жылдың 31 қазанында өзінің XS0925015074 (US46639UAA34, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KMGZe6) облигациялары бойынша 7-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 8 944 408 АҚШ долларын құрады. [2016-11-02]