"Фридом Финанс" АҚ KZ1C54860016 (KZ1C00001262, FFIN) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

28.10.16 12:00
/KASE, 28.10.16/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 27 қазанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ1C54860016 (ISIN – KZ1C00001262) артықшылықты акциялары енгізілді. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 30 қарашасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "Фридом Финанс" АҚ жарияланған акцияларының саны 5 000 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C54860016 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A5846 номерімен енгізілген. Аталмыш облигацияларға тиісінше FFIN қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-10-28]