"Исткомтранс" ЖШС өзінің XS0918292151 (XS0918292151, ECTRe1) облигациялары бойынша жетінші купонын төлегені туралы хабарлады

25.10.16 10:30
/KASE, 25.10.16/ - "Исткомтранс" ЖШС (Алматы) 2016 жылдың 24 қазанында өзінің XS0918292151 (XS0918292151, KASE ресми тізімі, "өзге де борыштық бағалы қағаздар" санаты, ECTRe1) облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 2266875 АҚШ долларын құрады. [2016-10-25]