"Altyn Bank" ("Қазақстан Халық Банкі") АҚ заңды мекен-жайы өзгергені туралы хабарлады

20.10.16 18:01
/KASE, 20.10.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Altyn Bank" ("Қазақстан Халық Банкі") АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), өзінің заңды мекен-жайы 2016 жылдың 15 тамызынан бастап өзгергені туралы хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес "Altyn Bank" ("Қазақстан Халық Банкі") АҚ заңды мекен-жайы: А05А1В9, Алматы қ, Абай даңғылы, 109в. [2016-10-20]