"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.16 14:17
/KASE, 18.10.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған,
"Қазақстан Халық Банкінің" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, бұдан әрі
– компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016
жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 4 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 000 000 дана;
- компанияның барлық жай акциялары және 4 000 000 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ болып табылады.
[2016-10-18]