2016 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

14.10.16 18:19
/KASE, 14.10.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2016 жылдың 14 қазанындағы шешімімен KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE индексінің өкілетті тізіміне 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап енетін акциялардың өкілеттік параметрлері анықталды. Аталмыш шешімге сәйкес, Бағалы қағаздардың тізімінде орналасқан бағалы қағаздардан басқа 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап оған "БАСТ" АҚ (Шығыс қазақстан обл) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, BAST) жай акциялары енгізіледі. Аталмыш акцияларды Тізімге енгізу туралы шешім Комитет мүшелерінің олардың Әдістемеде белгіленген Тізімге енгізудің барлық өлшемдеріне сәйкес келгендіктен қабылданды. Сонымен, 2016 жылдың 01 қарашасынан бастап KASE Индексінің төменде берілген акциялардың параметрлері көрсетілген: ------------------------------------------------------------------------- # р/с Акция ҰСН немесе Эмитент Fi Ri Үлес коды ISIN ----- ------- ------------ ------------------------- ----- --------- ---- 1 BAST KZ1C59680013 "БАСТ" АҚ 3,3 1,0000000 0,4 2 CCBN KZ1C36280010 "Банк ЦентрКредит" АҚ 19,0 1,0000000 2,4 3 GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZ Minerals PLC Компания 117,6 0,1452745 15,0 4 HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық 117,6 0,2581545 15,0 жинақ Банкі" АҚ 5 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 117,6 0,7075976 15,0 6 KEGC KZ1C34930012 "KEGOC" (KEGC) АҚ 84,1 1,0000000 10,7 7 KZTK KZ1C12280018 "Қазақтелеком" АҚ 89,5 1,0000000 11,4 8 KZTO KZ1C29950017 "КазТрансОйл" АҚ 117,6 0,9167566 15,0 9 RDGZ KZ1C51460018 "ҚазМұнайГаз" 117,6 0,1064209 15,0 барлау Өндіру АҚ ------------------------------------------------------------------------- KASE Индексінің өкілеттік тізімі KASE ресми тізімінің өтімді акцияларынан қалыптасады. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 01.10.16 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 14.10.16 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.11.16 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр. Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-10-14]