"Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі") АҚ KZ2C0Y03F349 (KZ2C00003697, ATBNb1) және KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689, ATBNb2) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 07 қыркүйектен бастап енгізілді

07.09.16 11:58
/KASE, 07.09.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі") АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - Z2C0Y03F349 (KZ2C00003697; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 07.09.16 – 07.09.19, жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %; 30/360); - KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 07.09.16 – 07.09.19, жартыжылдық купон, жылдық 2,00 % ; 30/360). Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 қыркүйегінен бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Altyn Bank" АҚ андеррайтері және қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" Халық Банкінің Еншілес Банкі АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ATBNb1 және ATBNb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/atbn мекен-жайында танысуға болады. [2016-09-07]