"КазАгроҚаржы" АҚ KZP02Y05F314 (KZ2C00003788, KAFIb6) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2016 жылдың 12 қазанынан бастап енгізілді

12.10.16 17:25
/KASE, 12.10.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 29 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "КазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C0M11F378 (KZP02Y05F314 (KZ2C00003788; 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 5 жыл, облигацияларлы орналастыру бойынша бірінші аукцион қорытындысы бойынша анықталған жарты жылдық купон, жылдық 15,00 %, 30/360) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 29 шілдесінен бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "КазАгроҚаржы" АҚ каржы кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KAFIb6 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kafi мекен-жайында жарияланады. [2016-10-12]