2016 жылдың 16 қарашасында "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

11.10.16 16:39
/KASE, 11.10.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 16 қарашасында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: 1) 2015 жылға компания аудиторын бекіту туралы 2) компанияның Директорлар кеңесінің бекіту және өзгертулер, толықтырулар енгізу бойынша компанияның ақпараттық саясаты және/немесе аталмыш құжатты жаңа редакцияда қабылдау туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., Жаңа Согра, компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылдың 14 қазанындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2016 жылдың 17 қарашасында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2016-10-11]