/KASE, 11.10.2016/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (одан әрі – KASE
немесе Биржа) Биржаның қытай юанімен қытай юаньі/теңге валюталық
жұбымен биржалық сауда-саттық есептеулерді жүзеге асыру үшін, қытай
юанімен "Қазақстандағы Қытай Банкі" АҚ Еншілес банкінде қолданыстағы
шотқа қосымша "Алматы қаласындағы Қытай өндірістік-сауда Банкі" АҚ
корреспонденттік шотты ашқаны туралы хабарлайды.
Банктік деректемелері: "Қазақстандағы Қытай Банкі" АҚ Еншілес банкіндегі
корреспонденттік шот № KZ809300001000011183 (ағылшын тіліндегі атауы –
JSC "Industrial and Commercial Bank of China in Almaty city"), SWIFT:
ICBKKZKX.
Қытай юанімен Биржаның жаңа корреспонденттік шоты биржалық сауда-
саттық бойынша 2016 жылдың 18 қазанынан бастап белсендендіріледі.
Биржаның корреспонденттік шот тізімімен KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/normative_base/correspondent_account.pdf мекен-
жайында танысуға болады.
Қытай юаньі/теңге валюталық жұбымен биржалық сауда-саттыққа тек қана
Биржаның корреспонденттік шоты ашылған сауда-саттыққа қатысушылар
қатыса алатынын ескертеміз. Сәйкесінше, 2016 жылдың 18 қазанынан
бастап, қытай юанімен биржалық сауда-саттыққа "Алматы қаласындағы
Қытай өндірістік-сауда Банкі" АҚ юаньмен корреспонденттік шоты ашылған
Биржа мүшелері де қатыса алады.
Қытай юаньі/теңге валюталық жұбымен алғашқы сауда-саттық
(CNYKZT_TOD) 2014 жылдың 25 қыркүйегінде болып өтті. Қазақстан қор
биржасында қытай юані бойынша маркет-мейкер міндеттерін төрт
қатысушысы – "Қазақстандағы Қытай Банкі" АҚ Еншілес банкі, "Сбербанк
России" АҚ Еншілес Банкі, "Алматы қаласындағы Қытай өндірістік-сауда
Банкі" АҚ және "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ атқарады.
2016 дылдың 9 айына Биржадағы сауда-саттық көлемі 57,5 млн юаньді
құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48% артқан.
Сауда-саттықтың абсолютті күндізгі рекорды CNY/KZT – 3,8 млн юаньді
құрады (27.08.2015 г.).
[2016-10-11]