"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің XS0556885753 (US48667QAF28, KMGZe5) облигациялары бойынша 12-ші купонын төлегені туралы хабарлады

10.10.16 17:45
/KASE, 10.10.16/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2016 жылдың 10 қазанында өзінің XS0556885753 (US48667QAF28, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, KMGZe5) облигациялары бойынша 12-ші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 36027483.75 АҚШ долларын құрады. [2016-10-10]