"Каспий нефть" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

10.10.16 09:51
/KASE, 10.10.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Каспий нефть" АҚ (Атырау, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C28830012 жай акцияларының жалпы саны 10 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Precious Oil Products Investments B.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі) болып табылады. [2016-10-10]