"Фридом Финанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

07.10.16 16:49
/KASE, 07.10.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Фридом Финанс" АҚ ("Фридом Финанс" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C54860016 жай акцияларының жалпы саны 5 000 000 дана; - компанияның 2 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға «Фридом Финанс» Инвестициялық компаниясы ЖШҚ болып табылады. [2016-10-07]