"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

07.10.16 15:23
/KASE, 07.10.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C51460018 жай акцияларының жалпы саны 70 220 935 дана, KZ1P51460114 артықшылықты акциялар саны – 4 136 107 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компания өзінің 2 527 860 жай акциясын және 2 073 147 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы болып табылады, оның меншігінде 43 087 006 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 63,65% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 57,95%) бар. [2016-10-07]