"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің халықаралық стандартқа сәйкес келетіні туралы хабарлады

06.10.16 17:22
/KASE, 06.10.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің халықаралық стандартқа ISO/IEC 27001:2013 сәйкес келуін Банк 2008 жылдың 19 желтоқсанынан сертификат алған уақыттан бері, 8 жыл бойы растап келеді. 2016 жылдың тамыз айында "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ Британ Стандарттар институтының (BSI Management Systems CIS) ресейлік өкілі кезекті қадағалау аудитін жүргізді. Аудит нәтижесі Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің халықаралық стандарт ISO/IEC 27001:2013 талабына сәйкестігін көрсетті. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_061016_1.pdf; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_061016_eng_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-10-06]