"Қазақстан қор биржасы" АҚ 2016 жылдың 04 қазанында "Эмитент күні" іс-шарасы аясында "KEGOC" АҚ өкілдерімен кездесу өткізді

05.10.16 15:15
/KASE, 05.10.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 04 қазанында"KEGOC" АҚ үшін "Эмитент күнін" өткізді. Іс-шараға "KEGOC" АҚ өкілдері, "KEGOC" АҚ акцияларының қазіргі маркет- мейкерлері: "Фридом Финанс" АҚ, "Банк Центр Кредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" және "Цесна Капитал" АҚ қатысты. Сонымен қатар, кездесуде "Халықтық IPO" бағдарламасын жүргізуге белсенді ат салысқан брокерлік компания өкілдері және Қазақстанның іскер алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан қор биржасында "Эмитент күнін" өткізу мақсаты инвесторлардың эмитенттерге қызығушылығын арттыру және акционерлермен кері байланыс орнату болып табылады. Аталмыш іс-шараға арналған баспасөз-хабарламасы KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/press/kz/04_10_16_KASE_KEGOC_kaz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-10-05]