"Ай Қараауыл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.10.16 15:28
/KASE, 05.10.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C59710018 жай акцияларының жалпы саны 150 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ИДК ИНВЕСТМЕНТ" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 144 338 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 96,23%) бар. [2016-10-05]