Ұлттық Банк "Phystech II" АҚ акцияларының 2015 жылдың 14 тамызынан бастап 2016 жылдың 14 ақпанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды

30.09.16 17:43
/KASE, 30.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Phystech II" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 22 қыркүйегіндегі хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа сәйкес: - Ұлттық Банк компания акцияларының 2015 жылдың 14 тамызынан бастап 2016 жылдың 14 ақпанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды; - 2016 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша компанияның 18 400 900 жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 99 100 000,00 теңгені құрады. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/PHYS/phys_razm_220916.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-0-30]