"КазАгроФинанс" АҚ KZP02Y05F314 (KZ2C00003788, KAFIb6) облигациялары Қазақстан қор биржасында "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша листингілеуден өтті

29.09.16 17:33
/KASE, 29.09.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 08 тамызындағы шешімімен "КазАгроФинанс" АҚ (Алматы) KZP02Y05F314 (KZ2C00003788; 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге; 5 жыл; 30/360) облигациялары "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның жоғарыда аталмыш шешімінің өз күшіне ену датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабының 1тармағының 2) тармақшасының шарттарын орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "КазАгроФинанс" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті 2016 жылдың 09 маусымында 100,0 млрд теңгеге тіркеген, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының алтыншы шығарылымы болып табылады. "КазАгроФинанс" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға KAFIb6 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-09-29]