2016 жылдың 28 қазаннда "KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.09.16 14:59
/KASE, 27.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2016 жылдың 28 қазанында сағат 11:30-да компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: 1) Компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау, Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің өкілеттік мерзімі, сыйақы және өтемақы төлеу шарттарын анықтау туралы; 2) Компанияның Директорлар кеңесінің Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы; 3) Аралық қаржылық есептілікті бекіту, таза табысын бөлу, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемі туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қ., Тәуелсіздік көш., 59 ғимарат, акт залы мекен- жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 9:30-ден 11:00-ге дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқылы акциолнерлердің тізімі 2016 жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2016 жылдың 31 қазанында сол мекен-жайда, сол уақытта өткізіледі. Толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_meeting_info_281016.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-09-27]