"ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып И.В. Гончаровтың сайланғаны және 2016 жылы ішкі нарыққа мұнай жеткізудің көлемі туралы хабарлады

22.09.16 14:59
/KASE, 22.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГБӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында Директорлар кеңесі жаңа төрағаны сайлады және 2016 жылға ішкі нарыққа мұнай жеткізілімінің көлемін бекітті. ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды Кристофер Хопкинсон мырза отбасылық жағдайына байланысты Компанияның Директорлар кеңесі төрағасы лауазымынан кету туралы арыз берді. Бұл шешім қабылданды және кідірмей күшіне енеді. Оның орнына 2015 жылдың қарашасынан бері ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ ("ҚМГ ҰК") мұнай және газ өндіру бойынша Аға вице-президенті Игорь Валерьевич Гончаров сайланды. 2016 жылға ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдерінің көлемі Ағымдағы нәтижелерге қарай, Компания "Өзенмұнайгаз" АҚ ("ӨМГ") және "Ембімұнайгаз" АҚ ("ЕМГ") қорларынан ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдері 2016 жылы 3 372 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың баррель) құрайды деп болжайды, бұл ӨМГ және ЕМГ шикі мұнайын жалпы сату көлемінің 40%-ға жуығын құрайды. Бұл көлемнен 2 670 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) АМӨЗ-ға және 702 мың тонна (тәулігіне 14 мың баррель) ПМХЗ-ға жеткізілетін болады. Бұрынырақ мөлшерленген, 2016 жылға ішкі нарыққа жеткізілімдер көлемі 2 380 мың тонна мұнайды (тәулігіне 47 мың баррель) құрайды, бұл жалпы шикі мұнай сатылымы көлемінің 28%-ға жуығын құрайды. Дегенмен, Компания мұнай-газ саласы және басқа да тараптарда, ҚМГ БӨ мүддесі теңгерімін сақтау мақсатында ҚМГ ҰК және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстарды жалғастырады. цитата соңы [2016-09-22]