2016 жылдың 04 қарашасында "Кселл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

07.09.16 16:29
/KASE, 07.09.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы, бұдан әрің – компания), биржаға 2016 жылдың 04 қарашасында сағат 11:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде: 1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру нысанын анықтау. 2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; 3) Директорлар кеңесі мен бас атқарушы директоры арасында қызметін бөлісуге қатысты компания жарғысына өзгертулер енгізу; 4) Директорлар кеңесі мен бас атқарушы директоры арасында қызметін бөлісуге қатысты компанияның нұсқаулығын бекіту. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Тимирязев көш., 2Г мекен-жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталады. Осы жиналысқа қатысуғы құқылы акционерлердің тізімі 2015 жылдың 03 қазанындағы жағдай бойынша құрылады. Кворум жиналмаған жағдайда акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2016 жылдың 07 қарашасында сол уақытта, сол жерде болып өтеді. Акционерлер ожиналыстың материалдарымен жиналыс өтетін күннен кемінде он күн бұрын: Алматы қ., Самал-2ы/ауд, 100 мекен-жайында немесе акционердің мәртебесін растайтын құжаттар мен сауалын жіберіп, materialsgm@kcell.kz электрондық мекен-жай арқылы танысуға болады. [2016-09-07]