"АПК-Инвест" Корпорациясы" АҚ KZP03Y05D986 (KZ2P00001654, APKIb6) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

02.09.16 10:15
/KASE, 02.09.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 02 қыркүйегінен бастап "АПК-Инвест" Корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y07D549 (KZ2C00000412, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты; APKIb6; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 02.09.11 – 02.09.16, жарты жылдық купон жылдық 10,0 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2011 жылдың 02 қыркүйегінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізіліп, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "өзге борыштық бағалы қағаздары" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 05 қыркүйегінен бастап ашылды. [2016-09-02]