KASE "Корпорация "АПК-Инвест" АҚ KZP03Y05D986 (KZ2P00001654, APKIb6) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

02.09.16 11:20
/KASE, 02.09.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 30 мамырдан бастап "Корпорация "АПК-Инвест" АҚ (Астана) KZP03Y05D986 (KZ2P00001654, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb6; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 02.09.11 - 02.09.16; жылдық 10,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2016 жылдың 02 қыркүйегінен бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007595 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2015 жылдың 02 қыркүйеігінен бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 40 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-09-02]