"Қаражыра" АҚ KZ1C60300015 (KZ1C00001296, KZHR) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.08.16 17:39
/KASE, 31.08.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 31 тамызындағы "Қаражыра" АҚ (Семей) KZ1C60300015 (ISIN – KZ1C00001296) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 02 тамызында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Қаражыра" АҚ жарияланған акциялары 1 00 000 жай акцияларға бөлінген, оларға KZ1C60300015 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне A6030 номерімен енгізілді. Аталмыш облигацияларға KZHR қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "Қаражыра" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. "Қаражыра" АҚ негізгі қызмет түрі: көмір өндіру болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-08-31]