"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі өзіне қатысты әкімшіліктік шара қолданылғаны туралы хабарлады

26.08.16 10:30
/KASE, 26.08.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында "Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылдың 18 тамызындағы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының "Әкімшіліктік тәртіп бұзушылықтар туралы" Кодексінің 285 б. 1 бөл. сәйкес, 196 676 теңге көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшіліктік шара қолданылды" деп мәлімдеді. [2016-08-26]