/KASE, 22.08.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі – компания)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың
17 тамызындағы хатының көшірмесін биржаға ұсынды, аталмыш хатқа
сәйкес:
- Ұлттық Банк компания акцияларының 2016 жылдың
15 желтоқсанынан бастап 15 шілдесіне дейінгі кезеңде
орналастырылмағаны туралы есебін назарына алды;
- 2016 жылдың 16 шілдесіндегі жағдай бойынша компанияның 12 333
жай акциясы орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы
8 403 556 000,00 теңгені құрады.
Есеп KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_razm_170816.pdf
мекен-жайында жарияланған.
[2016-08-22]