"Кселл" АҚ KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары бойынша 2015 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады
18.08.16 10:14
/KASE, 18.08.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы, одан әрі – Қоғам), биржаға (KASE),
ресми хатпен баспасөз-хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Кселл" (одан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL)
акционерлік қоғамы – Қазақстандағы кірісі мен абонеттік базасы көлемі
бойынша телекоммуникациялық нарығындағы алдыңғы қатардағы оператор
бір жай акцияға 23 316 млн теңге немесе 116,58 теңге көлемінде дивиденд
төлегені туралы хабарлады. Дивиденд көлемі 40 782 миллион теңге, немесе
бір жай акцияға салықсыз есептегенде 203,91 теңге.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Компанияның
таза табысы 2015 жылға 46 632 миллион теңгені құрады. Дивиденд алуға
құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 19 мамырындағы жағдайы
бойынша жасалған. Дивиденд төлеу акционерлердің банктік шотына аудару
арқылы төленді.
цитата соңы
[2016-08-18]