"ARLAN WAGONS" ЖШС KZ2P0Y04F294 (KZ2P00003635, ARWAb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санатына 22 шілдеден бастап енгізілді

22.07.16 11:54
/KASE, 22.07.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "ARLAN WAGONS" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y04F294 (KZ2P00003635; 1 000 теңге, 570,0 млн тенңге; 22.07.16 – 22.07.20; жартыжылдық купон, жылдық 11,0 %, 30/360) индекстелген облигациялары енгізілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 22 шілдесінен бастап, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "ARLAN WAGONS" ЖШС "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ARWAb1қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/arwa мекен- жайында танысуға болады. [2016-07-22]