Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, AGKKb6) облигацияларын 2015 жылдың 30 желтоқсанынан 2016 жылдың 30 маусымына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

12.08.16 12:14
/KASE, 12.08.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2016 жылдың 25 шілдесіндегі KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, KASE ресми тізімі, "борыштық бағалы қағаздар" санаты, AGKKb6) облигацияларын 2015 жылдың 30 желтоқсанынан 2016 жылдың 30 маусымына дейін орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес есептік кезеңде аталмыш облигациялар орналастырылған жоқ, 2016 жылдың 30 маусымындағы жағдайы бойынша аталмыш облигациялардың 22 940 000 орналастырылған. Есеп KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_razmb6_250716.pdf мекен-жайында орналастырылған. [2016-08-12]