"Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Еншілес банкі) KZ2C0Y03F349 (KZ2C00003697, ATBNb1) және KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689, ATBNb2) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

08.08.16 18:08
/KASE, 08.08.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 08 тамызындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Еншілес банкі) (Алматы) облигациялары енгізілді: - KZ2C0Y03F349 (KZ2C00003697; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл, полугодовой купон 14,00 % годовых, 30/360); - KZ2C0Y03F356 (KZ2C00003689; 1 000 тенге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %, 30/360). Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "BCC Invest" АҚ Еншілес ұйымы- "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Altyn Bank" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ Еншілес банкі) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ATBNb1 және ATBNb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-08-08]