/KASE, 02.08.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "СОКОЛОВКА" АҚ (Рудный, одан әрі-компания) биржаға
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың
30 маусымындағы компания акцияларының орналастыру нәтижелері туралы
есебін бекіту жөнінде ескерту хатының көшірмесін ұсынды.
Ұсынылған хатқа сәйкес
- Ұлттық Банк компанияның акцияларын 22 қыркүйегінен 2016 жылдың 22
наурызына дейінгі орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті;
- 2016 жылдың 22 нарызындағы жағдай бойынша компанияның 1 120 269
жай акциясы орналастырылған, оның жарғылық капиталы
1 120 269 000,00 теңге көлемінде қалыптасқан.
Есеп KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/SKLK/sklk_placement_results_210416.pdf
мекен-жайында орналасқан.
[2016-08-082]