"Ақтөбе металды конструкциялар зауыты" АҚ KZ1C60260011 (KZ1C00001288, AKZM) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.06.16 09:49
/KASE, 27.06.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 маусымындағы "Ақтөбе металды конструкциялар зауыты" АҚ KZ1C60260011 (ISIN – KZ1C00001288) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды 2016 жылдың 14 маусымында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Ақтөбе металды конструкциялар зауыты" АҚ жарияланған акциялары 300 000 жай акцияларға бөлінген, оларға KZ1C60260011 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне A6026 номерімен енгізілді. Аталмыш облигацияларға AKZM қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "Ақтөбе металды конструкциялар зауыты" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. "Ақтөбе металды конструкциялар зауыты" АҚ негізгі қызмет түрі: құрылыс үшін жобалық жұмыстардың өндірісі, құрылыс металды конструкцияларын жасау болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-06-27]