"Бузгул Аурум" ЖШС KZP01Y05F308 (KZ2P00003627, BUZAb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

27.06.16 10:05
/KASE, 27.06.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "Бузгул Аурум" ЖШС (Алматы) KZP01Y05F308 (KZ2P00003627, 10 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық 19,00 % жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2016 жылдың 08 маусымында тіркелген "Бузгул Аурум" ЖШС облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге аталмыш эмитенттің "ішкі" облигациялық бағдарламасы аясында бірінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. "Бузгул Аурум" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше BUZAb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-06-27]