"СевКазЭнерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.07.16 17:26
/KASE, 21.07.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавл, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 шілдесіндегі
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C57830016 жай акцияларының жалпы саны 150 000 000
дана;
- компанияның 143 863 799 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯ" АҚ
болып табылады.
[2016-07-21]