"Кселл" АҚ "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамындағы несиелік линиясының мерзімі мен көлемін ұзартқаны туралы хабарлады

15.07.16 17:40
/KASE, 15.07.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға жолдаған ресми хатында "Компанияның Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 13 шілдесіндегі шешімімен "Кселл" Ақ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ арасында 2013 жылдың 24 қыркүйегінде жасалған Келісімнің шарттары өзгертілді. Несиелік линияның сомасы 30 млрд теңгеден 42 млрд теңгеге дейін көбейтіліп, несиенің пайдалану мерзімі 2019 жылдың 02 желтоқсанына дейін ұзартылды" деп мәлімдеді. [2016-07-15]