2016 жылдың 19 тамызында "Атамекен-Агро" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
15.07.16 17:06
/KASE, 15.07.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрға, "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау, бұдан әрі –
компания) 2016 жылдың 19 тамызында сағат 15:00 компания
акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталады, жиналыстың күн
тәртібінде:
1. компанияның 2015 жылға есеп берушілігін бекіту туралы;
2. компанияның 2015 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібін бекіту,
компанияның жай акциялары бойынша 2015 жылға дивиденд төлеу
туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына
шаққандағ 2015 жылға дивиденд көлемі;
3. компанияның Директорлар кеңесінің сандық құрамын белгілеу;
4. компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіліктерін
мерзімнен бұрын тоқтату туралы;
5. компанияның Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау туралы;
6. компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттілік мерзімін
анықтау;
7. компанияның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері
мен шарттары, өз міндеттерін орындаумен байланысты шығындарын
өтеу туралы;
8. компанияның Директорлар кеңесі мүшелерімен келісім-шарттар жасау;
9. компанияның 2016 жылдағы аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды
анықтау туралы.
Аталмыш жиналыс: Ақмола обл., Көкшетау қ., жаңа ет комбинаты ауданы,
30. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады.
Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 18
шілдесіндегі жағдай бойынша құрастырылады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама
жиналысы 2016 жылдың 20 тамызында сол мекен-жайда сол уақытта болып
өтеді.
Акционерлер күн тәртібінің материалдарымен 2016 жылдың 08 тамзынан
18 тамызына дейін компанияның атқарушы органы орналасқан мекен-жайда
немесе 8 777 533 43 47 телефондары арқылы таныса алады.
[2016-07-15]