2016 жылдың 14 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасында МБҚ-мен автоматы репо нарығында жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылады

13.07.16 11:07
/KASE, 13.07.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен KASE мүшесінің өтініші негізінде 2016 жылдың 14 шілдесінен бастап автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда- саттығы ашылады, мерзімдері1, 3, 7, 14 және 28 күнді құрайтын репо операцияларының заты ретінде Bank of America Corporation (Шарлотт қ., АҚШ) US0605051046 (KASE ресми тізімі, екінші санат, US_BAC_) жай акциялары рұқсат етілген. Репо операцияларына берілген кодтар: тиісінше R_US_BAC_001, R_US_BAC_003, R_US_BAC_007, R_US_BAC_014 және R_US_BAC_028. [2016-07-13]