"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өзінің KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, AGKKb6) облигациялары бойынша купонын төлегені туралы хабарлады

13.07.16 10:35
/KASE, 13.07.16/ - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) 2016 жылдың 12 шілдесінде өзінің KZP01Y06F173 (KZ2C00003507, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты, AGKKb6) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 855 950 000 теңгені құрады. [2016-07-13]