"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының KZP01Y09E709 (KZ2C00002731, AGKKb4) облигациялары бойынша Қазақстан қор биржасындағы маркет-мейкері мәртебесінен бас тартты

13.07.16 10:10
/KASE, 13.07.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 14 шілдесінен бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZP01Y09E709 (KZ2C00002731, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" секторы, AGKKb4) облигациялары бойынша KASE маркет- мейкерінің міндеттерін орындаудан босатылды. Бұл шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2016-07-13]