"АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС өзінің KZP02Y05D988 (KZ2P00001571, APKIb5) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

11.07.16 17:20
/KASE, 11.07.16/ - "АПК-Инвест" Корпорациясы" ЖШС (Астана) 2016 жылдың 11 шілдесінде өзінің KZP02Y05D988 (KZ2P00001571, APKIb5) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 5 522 588 400 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 5 259 608 000 теңгені, купондық сыйақысы – 262 980 400 теңгені құрады. [2016-07-11]