"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP02Y10F264 (KZ2C00003648, BRKZb5) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2016 жылдың 08 шілдесінен бастап енгізілді

08.07.16 16:57
/KASE, 08.07.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZP01Y03F261 (KZ2C00003614; 1 000 теңге, 17,5 млрд теңге; 10 жыл, облигацияларлы орналастыру бойынша бірінші аукцион қорытындысы бойынша анықталған жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 08 шілдесінен бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше BRKZb5 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/brkz мекен-жайында жарияланады. [2016-067-08]