"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы "Alma Green Fields" ЖШС қаржыландырғаны туралы хабарлады

05.07.16 11:53
/KASE, 05.07.16// – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Корпорация), Қазақстан қор биржасына (KASE), баспасөз- хабарламасын ұсынды: цитата басы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ екінші деңгейлі банктерді қорландыру арқылы жеміс бағын өсіруге арналған кешенді қаржыландырды. Аталған сомаға қол жеткізген "Alma Green Fields" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелендіруге бағытталған екінші деңгейлі банктерді қорландыру бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Серіктестік (Алматы қаласынан 150 шақырым жердегі) Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Жобаның мақсаты – алма, шие, қара өрік секілді жеміс бағын өсіруге арналған кешенді қалыптастыру. Бақтың аумағы - 278 га. Шаруашылық бұл мақсатын жүзеге асыру үшін, 7 жыл мерзімге 2 млрд. теңгеден аса қаржы алды. Өндірістің жобалық қуаты - 10 720 тонна, оның ішінде 9820 тонна алма, 600 тонна қара өрік және 300 тонна шие бар. цитата соңы [2016-07-05]