"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Standard & Poor's банктің және оның облигацияларының рейтингілік бағасын растағаны туралы хабарлады, болжам "Негативті"

04.07.16 11:49
/KASE, 04.07.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі туралы хабарлады: ... ... S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі (одан әрі – Агенттік) Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие ретингін шет елдік және ұлттық валютамен "ВВВ-/А-3" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – "Негативті". Қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемелердің бір мезгілдегі ұзақ мерзімді рейтингі (ISIN XS0860582435, XS0248160102, XS0220743776, MYBVI1202859) "ВВВ-" деңгейінде расталды. Ұлттық шкаламен рейтингі – "kzAA" деңгейінде. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_rating_300616.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-07-04]