"KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KEGCb1) облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 18,60 %

29.06.16 14:57
/KASE, 29.06.16/ – "KEGOC" АҚ (Астана) өзінің KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, KEGCb1) облигациялары бойынша бірінші купондық кезеңге (2016 жылдың 26 мамырынан 2017 жылдың 25 мамырына дейін) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 18,60 % көлемінде белгіледі деп ресми хатпен Қазақстан қор биржасына хабарлады. Бұрын осы тақырыпта KASE жаңалықтары жарияланған болатын: - "KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KEGCb1) облигацияларына өзгертулер мен толықтырулар жарияланды" атты жаңалығы" – http://www.kase.kz/ru/news/show/1300019 - "Ұлттық банк KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KEGCb1) облигацияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді" атты жаңалығы – http://www.kase.kz/ru/news/show/1300035 мекен-жайында жарияланды. [2016-06-29]